Бизнес идеялар форумында отбасы құндылықтарына арналған портал таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен елордада «Бизнес идеялар оазисі» атты ІІ бизнес идеялар мен іскер әйелдердің форумы өтіп жатыр. Форум барысында қазақтың салт-дәстүрі мен отбасы құндылықтарына арналған жаңа мультимедиялық «Отбасым.кз» порталы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null
«Отбасым» журналының бас редакторы, оған қосымша, бүгін ашылған «Отбасым.кз» онлайын порталының жетекшісі, ҚР Президенті жанындағы әйелдір ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Шолпан Сыздықованың айтуынша, мультимедиялық портал қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық киімі мен ас-тамағын дәріптейтін бірегей жоба болмақ. 

«Отбасым.кз» деген ұлттық мультимедиялық порал бүгіннен бастап іске қосылады. Жалпы, «отбасым» жобасының тарихы 2009 жылдың 7 наурызынан басталды. Сол кезде біз «Отбасым» атты журнал шығара бастаған едік. Кейін журнал оқырмандары отбасы құндылықтарының орталығын құру туралы бастама көтерді. Сөйтіп, «Отбасым» атты құндылықтар мен тәрбие-өнегеге арналған орталық ашылды. Орталықтың басты миссиясы  - қазақтың көне салт-дәстүрін жандандыру, ұмыт болған қазақтың ұлттық тағамдарын зерттеп, оны насихаттау, дәстүрлі киім-кешекті көрсетіп, халықтың көз алдына шығару болды. Ал, міне, бүгін сол орталықтың тағы бір «баласы» - «Отбасым.кз» атты  мультимедиялы портал дүниеге келді»,-дейді Ш.Сыздықова.

Жоба жетекшісінің айтуынша, мультимедиялы портал тіпті ұлттық тағамдардың қазіргі заманға сай рецептісін әзірлеп шыққан екен.

«Қазақтың өткені мен бүгінін салыстыратын болсақ, бұрын қалай еді, көшпелі өмір салтын ұстанған ата-бабамыз аттан түспейтін, үнемі дене қозғалысында, жолда жүрді. Етіміз де, бауырсағымыз да, жалпы, ас-суымыз сол алыс сапарларға, сол кездегі халықтың тынымсыз тұрмыс-тірлішігіне, көші-қонына сай, көп, құнарлы болып пісірілетін. Ал, қазір адамдардың физикалық қозғалысы азайды, есесіне, ойлау қабілетін дамыту үшін  құнарлы  дәрумендер жетпей жатады. Сондықтан, біздің ұлттық тағамдарымыздың қазіргі заманға сай мөлшермен дайындау тәсілдерін зерттеп, әзірледік»,-дейді Ш.Сыздықова.

null  

Бұнымен қоса, портал отбасындағы бақыт, отбасындағы ер мен әйелдің орны,бала тәрбиесі, қыз баланың тәрбиесі сияқты қазір өзектеніп кеткен бағыттар бойынша мол ақпарат беруді көздеп отыр екен.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономика мен саясатын ешкімнен кем қылмай, түзеп алды. Ол жағынан Қазақстанның мықты позициясы бар. Енді қазір мемлекет те, қоғам да, отбасы құндылықтарына, отбасы саясатына назар аударып отыр. Өзіміз білетіндей, қазір эгалитарлық отбасы, яғни, тең құқылы жұбайлар отбасы сәнге кірді. Міне, «Отбасым.кз» онлайн порталы осындай өзекті тақырыптарды тарқатып жазбақ», - деп түйіндеді сөзін Ш.Сыздықова.

Ал, бір жыл бұрын Economist басылымы әлем елдері арасында ажырасу саны бойынша Қазақстан алғашқы он елдің ішінен табылғанын мәлім еткен еді. Жуырда ғана, ҚР Бас Прокуроры Жақып Асановтың қатысуымен өткен алимент төлеу жөніндегі жиын барысында, Қазақстандағы әрбір үшінші жұп ажырасып кететіні айтылған болатын. Қазақстанда 350 мың бала әкесінен алимент ала алмай жүр. 

Соңғы жаңалықтар