Бизнес ашуға арналған мемлекеттік гранттар байқауы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы өз бизнесін бастауға мемлекеттен берілетін гранттардың байқауын жариялады. Байқауға өз ісін бастағысы келген жас кәсіпкерлер, мүгедектер, сондай-ақ 50-ден асқан адамдар қатыса алады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік гранттарды ұсыну «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер бекітілген үлгі бойынша жазылған өтінім мен байқаудың толық құжаттар топтамасын ұсынулары қажет. Оны өтінім беруші өзі немесе өзінің уәкілетті өкілі арқылы жасай алады.

Өтінімдер Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінде қабылданады.

Пошталық мекенжай: 100008, Қарағанды, Бейбітшілік гүлзары, 39 үй, каб. 4, 7.

Электронды пошта: [email protected].

Телефондар: 8(7212)42-15-05, 42-11-12, 41-06-21.

Өтінімдерді қабылдау соңғы күні - 28-ші қараша, сағат күндізгі 13:00-ге дейін.

Байқаудың ұйымдастырушысы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқарамасы» ММ.

Соңғы жаңалықтар