Бізде аграрлық ғылым деңгейі төмен - Күрішбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев отандық ауыл шаруашылығының негізгі көкейкесті мәселелері жайлы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі сол, Елбасы экономикалық дамудың жаңа моделі - технологиялық жаңғыруды ұсынып отыр. Бұл дегеніміз, елімізде ғылым дамиды, инновациялар көбейеді, адам капиталының сапасы көтеру. Шетелде жүргенде, әсіресе, АҚШ-қа барғанда ол мемлекеттің қарқынды дамуына не себеп болды деп, ойлана бастайсың. Сосын оның барлығытабиғи ресурстар мен үлкен қаржы биржаларынан емес, адам капиталын дұрыс дамыта білудің арқасында жүзеге асып жатқанын түсінесің. Мәселен, соңғы жылдары болған1 0 үлкен ғылыми жаңалықтың 8-і Америкада табылды. Сол елдің университеттерінде ашылды. Себебі әрбір жоғары оқу орнының жанында ғылыми-зерттеу институттары бар», - дейді Күрішбаев.

Осы орайда ол Австралияны да мысал ретінде келтірді. Ол жақта жауын-шашын аз болса да, бидайдың көлемі де, сапасы да Қазақстаннан екі есеге артық. Өйткені үкімет ауыл шаруашылығы ғылымына ерекше көңіл бөліп келеді. Қазақстанда рекордтық астық жиналғанымен бидайдың сапасы үшінші сұрыпқа да жетпей жатады. «Бізде аграрлық ғылымның деңгейі түсіп кетті, өте қатты түсіп кетті. Тағы бір мысал келтірейін, Голландия деген мемлекет біздегі Алматы облысының бестен бір бөлігімен бірдей болса да, жыл сайын 50 млрд. АҚШ долларына ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды. Ал біз, Қазақстан небәрі 3 млрд. теңгенің тауарларын шетелге сатып отырмыз», - деп атап көрсетті университет басшысы.

Күрішбаевтың ойынша, бүгінде ғалымдардың жаңа формациясын даярлау қажет. Себебі бұрынғы әдіс-тәсілдер ескірген. Ал технологиялар трансферті жағынан қиындық жоқ. Бүгінде елдің дамуына, соның ішінде ауыл шаруашылығын нығайтуға қажетті ғылыми жаңалықтардың барлығы бар. Енді, оны Қазақстанға жеткізуді дұрыс ұйымдастыра білу керек.  

Соңғы жаңалықтар