«Біз әлемнің балаларымыз!» балалар шығармашылығының республикалық байқауы мәреге жетті

None
None
АЛМАТЫ. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат -   Алматыда «Біз әлемнің балаларымыз!» атты балалар шығармашылығының V республикалық экологиялық байқауының қорытындысы шығарылды.

БайқаудыҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «EcoIDEA» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Оған  Қазақстанның түкпір-түкпірінен 5-18 жас аралығындағы 2600-ден астам бала қатысты. Байқау шеңберінде экология тақырыбына арналған суреттер, әңгімелер, өлеңдер және  комикстер қабылданды. Қатысушылар жас ерекшілеріне қарай үш топқа бөлінді.

«Өркениет дамыған сайын экология мәселелерінің маңыздылығы арта түседі. Балалар мен кішкентай бүлдіршіндерге осы проблеманың себептерін түсіндіріп, табиғатты сүйіп, аялауға баулу оңай емес. Бұл ретте тек сабақтар мен дәрістерді өткізу жеткіліксіз. Ал шығармашылық тұрғыдан әрекет етуді біздің кішкентай достарымыз бен ата-аналар жақсы қабылдайды», - дейді байқаудың серіктесі болған  «КаР-Тел» ЖШС-нің PR-менеджері Анар Жұмағұлова.

Оның айтуынша, байқауға 3 500 жұмыс жіберіліп, 105 туындының авторы жеңімпаз болып анықталды. Онда «Болашақтың жарқын әлемі» аталымы бойынша  бірінші орынға ие болған Сымбат Әжімбековаға (Астана), Таисия Шляховаға (Теміртау), Яна Дерябинаға (Семей) мен алматылық  Игорь Хан мен Наурайым Еспаеваға ұялы телефондар сыйға беріледі.

Соңғы жаңалықтар