Біз адал жолмен жеңіске жеттік - Илья Ильин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біз Олимпиада ойындарында адал жолмен жеңіске жеттік. Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин спорттық мансабы туралы осылай пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Достарымның да, әріптестерімнің де бірде-біреуі мен туралы жаман айтқан емес. Біз помостта не болып жатқанын білеміз. Біз ойдағыдай жұмыс атқарып, адал жеңіске жеттік. Жігіттер мені құрметтейді, бағалайды. Бәріміз қоңырау шалып, бір-бірімізбен сөйлесіп тұрамыз», - дейді спортшы Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, спортшы бұрынғы жаттықтырушысы Алексей Нимен қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді.

«Біз Алексей Нимен ескі таныс ретінде сөйлесеміз. Бұрыннан таныспыз. Ол Қазақстанның ауыр атлетикасы үшін көп еңбек етті. Ауыр атлетиканы қиын кезеңде көтере білді. Алексей Нидің менің жағдайым туралы «спорттық мансабын» жалғастыруы керек» дегенін естідім. Ол үшін рахмет. Мен өсіп келе жатқанда менеджерім ретінде жұмыс жүргізді», - дейді Илья Ильин.

Еске сала кетсек, Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжіңдегі және Лондондағы алтын медальдарын айыру туралы шешім шығарған болатын. ХОК-тыңтәртіп комиссиясының шешіміне сәйкес «А» және «В» допинг сынамасының қорытындысы бойынша екі жазғы Олимиада ойындарында чемпион атанған қазақстандық спортшы Илья Ильиннің бұған дейінгі көрсеткіштері жойылған еді.

Соңғы жаңалықтар