Биылғы «Shymkent City» жобасына қатысты инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент мегаполисіне байланысты көрсеткіштер мен индикаторлар әлі де қарастырылуда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақтан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шымкент қаласын үшінші ірі мегаполиске айналдыру - үлкен мәселе. Әлемдік деңгейде мегаполиске жататын қалалардың арнайы көрсеткіштері мен индикаторлары бар екенін білесіздер. Шымкент мегаполисіне байланысты көрсеткіштер мен индикаторлар әлі де қарастырылуда. Мысалы, қаладағы жеке меншікке жататын жер үйлер саны 217 мың болса (тұрғындардың 60,7 пайызы, 560 280 адам), көпқабатты тұрғын үй саны небәрі - 2042 (тұрғындардың 39,3 пайызы, 362 720 адам)»,-деді әкім. Осы орайда «Shymkent City» жобасы жүзеге асырылып жатқанына тоқталған Түймебаев, «осы 420 гектар жерді қамтитын жобаға байланысты барлық негізгі инфрақұрылымдық жұмыстар биылғы жылдың аяғына дейін аяқталады. Болашақта ол 70 мың халық тұратын тұрғын ауданға айналмақ. Қаладағы ескірген Қошқар ата өзенінің бойындағы және ескі қаладағы үйлердің орнына заманауи көпқабатты үйлер салуға дайындалудамыз»,-деді.

Оның сөзіне қарағанда, облыстық әкімдік тұңғыш рет «Шатқалдар» бағдарламасын қабылдап, жоспарланған 16 қоғамдық демалыс орындарының бесеуі бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Астана үлгісімен қала маңында жасыл белдеу құру мақсатында 5064 гектар жерге ағаш көшеттері егілді. 2021 жылға дейін 20 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар