Биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қараған республикалық комиссия өз жұмысын қорытындылап, грант иелерін анықтағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Бүгін грант иелерінің тізімі еліміздің ресми БАҚ -та жарияланды. Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған білім гранттары иегерлерінің тізімін электронды нұсқада МЫНА ЖЕРДЕН оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, 2014-2015 оқу жылында 34 165 грант, оның ішінде 2 530 орын ЖОО даярлық бөлімдеріне, 31 635 грант 1 курсқа түсетіндер үшін (күндізгі бөлімге 31 135, сыртқы бөлімге 500 грант). Техникалық ғылымдар мен технологияларға 12 600 мың, педагогикалық мамандықтарға 5 864, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық ғылымдарға 2 670 грант бөлінді. Колледжді бітіргендерді қолдау мақсатында қысқартылған оқу түріне 2 875 грант қарастырылды.

Білім грантын тағайындау конкурсына 69 624 талапкер қатысуда. Конкурсқа қатысушылардың арасында 1 732 «Алтын белгі» иегерлері, 322 Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері, 179 жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, 921 жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, 891 республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары қатысады. Олардың білім грантын тағайындау кезінде басым құқықтары бар.

Соңғы жаңалықтар