Биылдан бастап Дубайда ұшатын дрондар жолаушы тасымалдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың жазында Дубайда EHang 184 жолаушылар дроны адамдар тасымалдауды бастайды. Бұл туралы Халықаралық үкіметтік саммитте Дубайдың жол және көлік агенттігінің басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Popular Mechanics .

EHang 184 жолаушылар дронының прототипі CES 2016 көрмесінде ұсынылды. Октокоптер классикалық квадрокоптер үлгісінде жасалған. Компания хабарламасына сәйкес, бұл аппарат сағатына 160 шақырым жылдамдықпен ұшады, бір жолы 100 келі салмаққа дейінгі жолаушыны алып кете алады.

Бұрын EHang өзінің дронын сынақтан өткізген болатын, алайда оның пилоттық ұшуы жайлы мәлімет әлі хабарланбай келді.

Дубайдың жол және көлік агенттігі басшысының айтуынша, EHang 184 жолаушылар дроны 2017 жылдың шілде айында іске қосылады. Дронның бағдарын 4G-желісі арқылы жердегі оператор бақылап отырады. Ал, жолаушы көлікке отырғанда тек баратын жерін көрсетеді. Дронның бір рейсінің қашықтығы 50 шақырымнан аспайды. 
 

Соңғы жаңалықтар