Биыл Жәйрем-Қаражал су құбыры қалпына келтірілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Жәйрем-Қаражал су құбырын қайта қалыпқа келтіру жұмыстары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің сайтына сілтеме жасап.

Қаражал, Жәйрем және Саяқ елді мекендерінің тұрғындарын сумен қамту мәселесін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов биылғы жылы шешілуі тиіс ең маңызды міндеттердің бірі деп атап айтты. Бұған қоса, Жезқазғандағы ауыз судың сапасын да жақсарту керек. 

«Өз ұсыныстарымызды үкіметке жібердік, жәнеде бізді онда қолдады. Биылғы жылы біз Жәйрем-Қаражал су құбырын қалыпқа келтіреміз. Сонымен қатар Есқұл су құбырының құрылысы аяқталады», -деді Ерлан Қошанов облыс жұртшылығы алдындағы есептік кездесуі барысында. 

Бүгінгі таңда Қаражалда және Жәйрем кентінде жалпы есептегенде шамамен 18 000 адам тұрады. Оларға су Ащылы және Тұзкөл кен орындарының жер асты суларынан келеді. Алайда су құбырлары әбден тозған - бұл негізгі проблема болып табылады.

Осыған дейін бұл елді мекендердің тұрғындарына ауыз су кесте бойынша жеткізілетін - аптасына екі рет, 1,5 сағаттан асырмай. Сорғыны жөндеген соң Қаражалда су тарату уақыты тәулігіне 12 сағатқа дейін ұзартылды. Жәйрем кентінің тұрғындары үшін тәулігіне 13 сағат су жіберіледі. 

Соңғы жаңалықтар