Биыл Транскаспий көлік бағдарымен 4 миллион тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда Анкарада «Транкаспий халықаралық көлік бағдары» ХҚ» заңды тұлғалар бірлестігінің жалпы жиналысы өтіп, оған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Түркияның көлік және коммуникациялар министрі Ахмед Арсланмен кездесті.

Кездесу барысында көлік және логистика саласындағы серіктестікті дамыту жайы талқыланды.

Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы «Орта дәлізді» дамыту мәселесі қаралды.

Тараптар 2018 жылы Транкаспий халықаралық көлік бағдары аумағында төрт миллион тонна жүк тасымалдау, оның ішінде 15 мың ЖФЭ контейнерлік (75 мың тонна) бағдар жоспарлауды келісті.

Дөңгелек үстелдегі отырыс барысында халықаралық дәліздегі қызметті одан әрі дамыту, жүк тасымалын тоқталыссыз ұйымдастыру, бағдарда тарифтік қолайлы ахуалды жасау жайлары талқыланды.

Қ.Алпысбаевтың айтуынша, Транкаспий халықаралық көлік бағдары қатысушы елдердің белсенділігі нәтижесінде жүк тиеу көлемін көтеру, инфрақұрылымға жаңа жүк ағындарын тартуға мән берілуі керек.

«Транкаспий халықаралық көлік бағдары мультимодальдық тасымалдаудағы жүк ағынын арттыру, мониторинг жүргізу арқылы пойыздар қиындықпен өтетін тұстарды анықтау, ол жерлердегі инфрақұрылымды жаңғырту көзделеді»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы.

Қанат Алпысбаев «Түрік темір жолының» бастамашылығымен Транкаспий халықаралық көлік бағдарына кіруін маңызды қадам ретінде атап өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы қатысушы елдердің бірлескен жаңа бағдардағы логистикалық қызмет түрлерін жақсарту, тарифтік жеңілдіктерді барынша бәсекелеге сай етіп жасақтауға бағыт ұсталды.

Отырыста Транкаспий халықаралық көлік бағдары 2018 жылға арналған тарифтік мөлшерлеме жайы, 2018 жылы Баку-Тбилиси- Карс жаңа теміржол желісінің қоса алғандағы әлеуетін талқылап, бекітті.

Соңғы жаңалықтар