Биыл «Шыңғыс хан» ордені кімге бұйырады - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелде қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Үрімжіде Шыңжаң қазақ әдебиетінің сын жанрын талқылаған кеңес өтті - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNK)
null

Шыңжаң қазақ әдебиетінің қара шаңырағы саналатын «Шұғыла» журналының ұйымдастыруымен әдеби сын жанрын қаузаған жиналыс өтті,  деп хабарлайды kazakcnr.com сайты.

«1953 жылдан бастап жарық көрген Шыңжаң қазақ әдебиетінің қара шаңырағы «Шұғыла» журналы қазірге дейін 648 санға толып, оқырманға рухани азық, әдебиетке үлгі боларлық сүбелі туындыларымен қоғамға өз үлесін қосып келеді. 2015 жылдан бастап журнал жыл сайын Шыңжаң қазақ әдебиетінің сын талқы жиынын өткізуді дәстүрге айналдырған. Сонымен бірге сыни мақалаларға арналған журналдың жылына бір қосымша санын шығаруды үзбей жалғастырып келе жатыр. Бұл әдебиетіміздің жетерсіздігін толықтап, жетістігін саралауға, әлем әдебиетінің тың үрдісін қабылдауға мүмкіндік береді», - деп жазады БАҚ. 

Аталған жиынға сын жанрының алдыңғы шебінде қалам тербеп жүрген аға буын сыншылар, жас толқын ізбасарлар және «Шұғыла» журналының редакторлары қатысты. Жиын барысында тақырыптық зерттеу мақалалар оқылып, көзқарас, пікірлер тыңдалды.
null

null

«Сексеннен асқандікі болар, сегіз ауыз ғана пікір білдіруге шамам әрең келді», - деп әдемі әзілмен жиынға жиналғандарды бір желпіп тастаған ғалым, белгілі жазушы Сұлтан Жанболатұлы «Жаңа заман әдеби сынына үміттер» деген тақырыпта баяндама оқыды. Жазушы ағамыз тың ой, соны пікір, жаңа көзқарасқа жүкті мазмұны ақаусыз әдеби сындарды барлыққа келтірудің көкейтестілігін тілге тиек етіп, жаңа замандағы сыншылардан күтетін үміттерін ортаға қойды», - деп жазады аталған сайт.


ҚазҰУ
Иранның беделді университтерінің бірінде «Фараби» орталығын ашуды ұсынды - «Фарс» ақпарат агенттігі
null

Рarstoday ақпарат агенттігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ирантану орталығының жетекшісі, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында парсы тілінен сабақ беретін оқытушы, тіл маманы Жұмаділова Ғайни Тілеукенқызымен болған сұхбатты жариялады.

«Ирандағы Қазақстан жоғары оқу орындарының күндері аясында Иранның беделді оқу орындарымен болған «Екі ел арасындағы оқу, білім, ғылыми байланыстарды дамыту» атты форумға қатысу үшін Иранға келдім. Осы форум аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жеткен жетістіктері мен болашақтағы жоспарлары және халықаралық байланыстарды дамыту жөніндегі бағдарламаларымен таныстырдым. Отырыс пен кездесулерде екі ел жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Иранның беделді университтерінің бірінде, соның ішінде Шәһид Беһешти университетінде «Фараби» орталығын ашуды ұсынатынын айттым. Бұл ұсыныс университет басшысы Ғалым Мұтановтың бастамасымен бірнеше елде ашылды. Орталықтың басты мақсаты - университет пен Иранның жоғары оқу орындары арасындағы ғылым, білім салалары бойынша жұмыстарды атқару», - дейді  Ғайни Жұмаділова ирандық БАҚ-қа берген сұхбатында.


Бұғымен бірге көшіп-қонатын халық - «Тяньшаньнет» ақпараттық порталы
null

Қытайлық kazak.ts.cn порталы бұғының өрісімен көшіп-қонып, шамамен бір жылдың 260 күнінде ақ қар, көк мұз үстінде тіршілік кешетін халық туралы жазады.
null

null
Аталған дереккөздің мәліметінше, ненецтер Ресей Федерациясының солтүстік бөлігін мекендейтін халық. Жалпы саны 45 мыңдай (2010). Ненецтердің ата-бабалары б.з.б. 1-мыңжылдықта Ертіс пен Тобыл өзендерінің жағасындағы орманды-далалы аймақтар мен Алтай, Саян тауларының сілемдерін мекендеген. Ғұн, түркі, т.б. тайпалардың шабуылы нәтижесінде тайгалық және тундралық аудандарға қарай ығысып, мұндағы жергілікті тайпалармен араласқан.
null

null
Дәстүрлі кәсіптері - аңшылық пен балық аулау. 18 ғасырдың ортасынан бастап бұғы шаруашылығы негізгі кәсіпшілікке айналды. Дәстүрлі тұрғын үйлері - қыста бұғы терілерімен, жазда қайың қабықтарымен жабылатын сырықтардан құрастырылатын - чум. Сырт киімдері мен аяқ киімдері бұғы терісінен тігіледі. Негізгі тағамдары - бұғы еті, балық.


Биылғы жылы
«Шыңғыс хан» орденімен кім марапатталады - KAZNEWS
null

Моңғолия елінде Шыңғыс ханның дүниеге келген күнін «Моңғол мақтаныш күні» деп атап өту дәстүрге айналған,  деп жазады Моңғолиялық KAZNEWS ақпараттық.

«Аталған даталы күнге орай Моңғолияның ең жоғары ордені «Шыңғыс хан» орденімен мемлекет және қоғамға зор еңбегі сіңген, ұлттық береке-бірлікті нығайтқан Моңғол елінің азаматтары марапатталады. «Шыңғыс хан» орденіне лайық кезекті он бірінші адам Моңғол елінің «Еңбек ері», Олимпиада ойындарының алтын, күміс жүлдегері Найдангийн Түвшинбаяр болмақ. iToim ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Моңғолия президенті Х.Баттулга жарлық шығарып, бұл орденді Найдангийн Түвшинбаярға осы аптада табыс етеді», - деп хабарлайды kaznews.mn порталы.


Аралды құтқару мақсатында халықаралық екі келісімге қол қойылды -
ТРТ
null

Халықаралық Арал қоры Германия Федеративті халықаралық ынтымақтастық қоғамымен келісімшарт жасады,  деп хабарлайды trt.net.tr сайты.

Аталған түркиялық БАҚ-тың жазуынша, Арал суының тартылуымен басталған экологиялық апат және аймақтағы биологиялық түрлілік қаупі Кеңес Одағының ыдырауының артынан тәуелсіздік жариялаған Орталық Азия мемлекеттерін шара қабылдауға итермелеген. Орталық Азиядағы Түрікменстан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекет басшыларының шешімімен 1993 жылы Халықаралық Арал қоры құрылды. 2017-2019  жылдар аралығында Қордың Атқару комитетіне басшылық ету міндеті Түрікменстанға жүктелген.  

«Халықаралық Арал қоры Атқару комитетінің әкімшілігі Германия Федеративті Халықаралық ынтымақтастық қоғамымен және Орталық Азия аймақтық экология орталығымен ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Келісімдер шөлге айналу қаупіне душар болған Аралды құтқару үшін бірлесіп жұмыс жасау және техникалық қолдауды қамтамасыз ету мақсатын тұтады», - деп жазады сайт.


ҚХР төрағасы
  Си Цзиньпинге шетелдіктер берген кәдесыйлар - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNK)

Қытайлық kazakcnr.com сайты ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шетелдік сапарларда, маңызды халықаралық кездесулерде алған сый кәделері туралы жазды.

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, Қытай Халық Республикасының төрағасы ел басқарған соңғы 5 жыл ішінде шет мемлекеттерге 28 сапар жасап, әлемнің 56 еліне барған. Сонымен бірге маңызды халықаралық ұйымдарда болып, саммиттер мен форумдарға қатысқан. БАҚ Қытай төрағасының бұл сапарлары мемлекеттің өркендеуі мен тұрақты дамуына ерекше серпін бергенін айтады.

«ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге шетелдік сапарларында әртүрлі елдерден ерекше сыйлықтар табысталған. Мемлекет басшысына тарту етілген кәдесыйлар аса құнды, бағалы болуымен ерекше. Бұл шет мемлекеттердің ҚХР төрағасына деген құрметі және Қытай мен өзге елдердің достығының символы», -  деп жазады kazakcnr.com сайты.

Си Цзиньпиньге өзге елдерде сыйға тартылған кейбір кәделерге  тоқталып өтсек.

Аспан асты елінің төрағасы спортқа ерекше мән береді және оның жанкүйері болып табылады. 2014 жылдың шілде айында Қытай төрағасы Аргентина еліне сапармен барды. Аргентинаның  Вице-президенті футболдан Ұлттық құраманың 10-шы нөмірлі футболшысы «Мессидің футбол киімін» сыйлыққа берген.
null

2014  жылы Си Цзиньпин Германияға барғанда Германия канцлері Ангела Меркель  «Альба» Берлин баскетбол командасының киімін кәде сый етіп ұсынған.
null

2015 жылы Си Цзиньпин АҚШ-қа сапарлаған кезінде Boeing компаниясына бас сұғады. Олар  жарық шағылыстыратын жолақтары бар екі дана киімді тарту етеді.
null

2014 жылы Си Цзиньпин Үндістан Республикасына сапарлай барғанда, Үндістан Премьеринистрі Нарендра Моди үндінің дәстүрлі кимін және былғары аяқ киімін  сыйға тартқан.
null

2016 жылы Си Цзиньпинге Чехия елінің президенті Милош Земан  чехтың «Bata» аяқ киім кәсіпорнынан шыққан былғары аяқ киімнің үш данасын ұсынған.
null

2013 жылы Франциядағы «Шарль де Голль» қоғамдық қоры Қытай төрағасына бір парша сурет ұсынады, суретте Шарль де Голльдің қолтаңбасы қалдырылған.
null

Ал Си Цзиньпиннің Ұлыбританияға сапарында патшайым ІІ Елизавета Уильям Шекспирдің шығармалар жинағын сыйға тартқан. Себебі Қытай төрағасы Шекспирдің шығармаларын құштарлықпен оқиды.

Сондай-ақ ҚХР басшысына тарту етілген сыйлықтар арасында балалар ойыншықтары да бар. Ол 2014 жылы Австралияға жасаған сапарынан сүйкімді «Қонжық» жұмсақ ойыншығымен оралған.  
null

«Тас арыстан» мүсіні. Зимбабве президенті сыйлаған. Бұл жергілікті ерекшелікке ие тас мүсін, тақырыбы «Ізгі ниетті арыстан».
null

Си Цзиньпинге хайуандардың мүсінімен қатар, тірі жануарлар да сыйға берілген. 2015 жылы Моңғолия прзиденті еліне сапармен келген Қытай төрағасына тұлпар мінгізген. Кәдесыйлар қорында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов тарту еткен ақалтеке сәйгүлігі де бар.
null

null
ҚХР заңы бойынша мемлекет басшысы бұл сыйлықтардың аз бөлігін ғана өзіне алып қала алады. Шетелге сапары барысында алған құны 200 юаньнан жоғары сыйлықтар мемлекет қазынасына бір ай ішінде тапсырылуы керек. 

Соңғы жаңалықтар