Биыл Шымкентте жаңадан салынған 6 мектеп пайдалануға беріледі

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қазіргі таңда 7 мектеп және 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ол үшін республикалық бюджеттен 12 миллиард теңге қаралған.

null
Құрылысы жүріп жатқан 6 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл жөнінде мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы жөнінде өткен мәжілісте айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жиында сөз алған қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Абай Тұрхановтың айтуынша,  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан 558 пәтерлі 11 тұрғын үй ғимараты алдағы қыркүйек айына дейін тұрғындарға тапсырылады. Сондай-ақ қала аумағында салынып жатқан кәріз жүйелері бойынша несиелі қайтарма негізінде 4 жоба қарастырылған. Яғни, «Самал», «Самал-2», «Солтүстік-Батыс» және «Қайтпас-1» шағынаудандарындағы 19 көшеге кәріз жүйелері салынып, нәтижесінде, 15 695 абонент қажеттілікпен қамтылмақ. Тиісінше, қала аумағын кәріз жүйесімен қамту жұмыстары 42-ден 49,1 пайызға ұлғаяды.
null 

Күн тәртібінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында атқарылған ауқымды шараларға арнайы талдау жасалды. Атап айтқанда, бұл салаға 371 тұрғын үйдің құрылысы үшін республикалық бюджеттен 7,8 миллиард теңге бағытталған. Оның 85-і биыл пайдалануға беріледі.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталып, сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді. 
null 

Соңғы жаңалықтар