Биыл Павлодар облысының елді мекендеріне 98 әкім сайланады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Павлодар облысына қарасты ауылдар мен округтерде 98 әкім сайланатын болады.

 Бұл туралы бүгін «2017 жылғы тамыз айына бекітілген ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдерін сайлау» туралы өткен баспасөз жиынында Павлодар облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Вера Ерашова мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 "Сайлау Павлодар облысының 98 ауылында және округтерінде 2017 жылғы 16 және 17 тамызда өткізіледі, - дейді Вера Ерашова.  

 павСайлау комиссиясы төрағасы орынбасарының айтуынша, аумақтық сайлау комиссияларының күнтізбелік жоспарларына сәйкес, әкімдікке кандидаттарды ұсыну 22 және 23-шілдеде аяқталып, барлығы 297 кандидат ұсынылды. Олардың қойылған барлық талаптарға сәйкестігі нақтыланғаннан кейін, аумақтық сайлау комиссиялары 294 кандидатты тіркеді. Себебі, үш кандидат берген өтініштерін қайтарып алған. Жалпы, 110-ға жуық сайланушы - әйел адамдар. Бір бос орынға ең кемі екі үміткерден болу керек. Әр аудан мен қалада сайланатын ауылдық әкімдер саны әртүрлі. Мәселен, Павлодар қаласына қарасты екі ауылда ғана әкім сайланса, Качир ауданындағы ауылдарда - 11 жаңа басшы. Қазіргі кезде салық органдары кандидаттардың және олардың жұбайларының кіріс туралы мәліметтерінің дұрыстығын анықтауда. Үгіт жұмыстары 2 және 3 тамызда басталып, сайлау алдындағы күннің 00:00 сағатында (14 және 15 тамызда) аяқталады. 

Соңғы жаңалықтар