Биыл ОҚО-да 17 ірі жобаны іске қосу жоспарланған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да компьютерлік сауаттылық деңгейі 80 пайызға жетті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2020 жылы компьютерлік сауаттылық деңгейін 80 пайызға жеткізу керек болса, 2016 жылдың қорытындысы бойынша ОҚО-да бұл көрсеткіш 79,2 пайызды құрап отыр. «Ақылды қала» жобасы аясында «Smart Ontustik» жобасының тұжырымдамасы әзірленуде. Ол индустриалдық-әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталатын болады», - деп тоқталды әкім Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, 2015-2019 жалдарға арналған Индустриаландыру бағдарламасы аясындағы республикадағы 630 жобаның 135-і немесе 21,4 пайызы осы облыстың үлесінде. Бағдарлама облыста іске асырылғаннан бері жалпы құны 206,6 млрд теңгеге, 9,5 мың жаңа жұмыс орнын құрайтын 159 жоба іске қосылып, 101 млрд теңгенің өнім өндірілді.

Үстіміздегі жылы бағдарлама аясында 37 млрд теңгенің 17 жобасын іске қосу, 900-ден астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. 3 айда 1,7 млрд теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асты.

Соңғы жаңалықтар