Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -6 °С
Алматы: 1 °С
USD 319.88 EUR 394.41
RUB 5.65 CNY 50.42
Жаңалықтар

Биыл мектептерде информатика 3 сыныптан бастап оқытылады

2018 жылғы 13 ақпан 11:23 1599
Бөлісіңіз:
 Биыл мектептерде информатика 3 сыныптан бастап оқытылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы оқу жылынан бастап информатика пәні үшінші сыныптан бастап оқытылатын болды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада бастауыш сыныптардың сабағы тоқтатылды Қазақстанда мұғалімдерге пайызсыз несие беру ұсынылды

«Үкіметтің 2018 жылға арналған жоспарында министрлікке 27 іс-шара жүктелген. Оның ішінде 13 пунктті орындаушы - Білім және ғылым министрлігі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған міндеттері ескере отырып, жоспарға білімді цифрландыру бойынша өзгерістер енгізілді. Мысалы, информатика 2017 жылы 7 сыныптан, 2014 жылы 5 сыныптан басталған. Осы оқу жылынан бастап 3 сыныптан басталады. Бұл бір», - дейді министр.

Ерлан Сағадиевтың айтуынша, екіншіден, бестен он бірінші сыныпқа дейінгі бағдарламалар жаңартылады.

«Оның ішінде бағдарламалау тілдерін қайта қарастырып, жаңа бағдарламалау тілдерін енгізу жұмысы басталып кетті. Үшінші, барлық мектептерде цифрлық білім беру ресурстары бар. Осы жылдың мақсаты - оларды қолдану деңгейін көтеру. Төртінші - білім беру саласында балабақшадан бастап қызметтерді автоматтандыру», - деді ол.

Министр осы жылдан бастап Павлодар мен Шымкент қалаларында 100 пайыздық қағазсыз есеп беру жүйесі бойынша пилоттық жоба басталатынын айтты. Жоба тиімділігін көрсетсе, аталған жүйе барлық қалаларға енгізілмек.

 

 


Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат