Биыл Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы транзит 200 мың контейнерге жетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы транзит 200 мың контейнерге жетеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАҚпарат.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ трансформация бағдарламасы аясында транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында коммерциялық қызметтің тиімділігін, көрсетілетін қызметтер мен процестер сапасын арттыру жұмысын қолға алды. Қазірдің өзінде жағымды нәтижелер жайлы айтуға болады», - дейді Санжар Елубаев.

Мәселен, оның айтуынша, соңғы жылдары транзиттен түскен кіріс көлемі компанияның жүк бағытындағы қызметінен түсетін кірістер құрылымында 30 пайызға жетіп отыр. 2016 жылы Дүниежүзілік банктің логистика тиімділігі бойынша индексінде (LPI) Қазақстан 11 орынға көтеріліп, ТМД елдерінен үздік нәтижеге жетті, яғни 160 мемлекеттің арасында 77-ші орынға ие болды. «Әлемдік өндірушілер мен логистикалық компаниялардың трансқазақстандық бағдарларға сенімі жыл санап артуда. Қытай-Еуропа-Қытай стратегиялық бағытындағы транзит 2015 жылы 47 мың контейнерді құраса, 2016 жылы 105 мың контейнерге жетті, 2017 жылы 200 мың контейнерге жетеді деп жоспарлап отырмыз, бұл 2011 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 200 есе көп», - деді Санжар Елубаев.

Соңғы жаңалықтар