Биыл Қостанай облысына 113 млрд теңге инвестиция құйылған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы халықаралық инвестициялық форум аймақтық туристік көрмеге ұласты. Онда қазақстандық кәсіпкерлер өздерінің озық жобаларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null  

Облыс орталығында өтіп жатқан "Kostanay Invest 2017" инвестициялық форум аясында кәсіпкерлер аймақтық туристік көрмеге ат басын бұрды. Оған ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Қайыров, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов, Қазақстан даму банкі басқармасының төрағасы Болат Жәмішев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.

null 

«Барынша қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген барлық тапсырмаларды орындап жатырмыз. Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше 48 елдің қатарында. Бұл дегеніңіз еліміздің экономика жағынан дамығандығының іргелі көрсеткіші. Сол себепті Қостанай облысы ғана емес, барлық өңірде инвестициялық микроклимат қалыптасуы тиіс», - деді ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Қайыров.

null  

Вице-министрдің айтуынша, 2018-2022 жылдарға арналған ұлттық инвестициялық стратегия екі бағытта жүргізіледі. Біріншіден, Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту: инвестициялық саясаттың ашықтығы мен болжамдылығын арттыру, визалық және көші-қон режімдерін жетілдіру шаралары, инвесторлардың құқықтарын қорғау саласында заңнаманы жетілдіру. Екіншіден, тиімді операциялық шараларды жүзеге асыру және инвестициялар тарту үшін жаңа тәсілдер енгізу.

Қазақстанның Үшінші жаңғыруы басым бағыттарының бірі туризмді дамыту десек, бұл сала бойынша облыста экотуризм мен емдеу-сауықтыру кешендері озық тұр.

null 

«Жыл басынан бері Қостанай облысына 113 млрд теңге инвестиция құйылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5 млрд теңгеге көп. Үстіміздегі жылдың 8 айында өнім өңдеуші салаға жұмсалған қаржы 2,2 есеге өскен. Бүгінгі күні Қостанай өңіріне келген инвесторларға барлық жағдайды жасауға әзірміз. Бүкіләлемдік банк сарапшыларының қатысуымен біздің облыста «2018-2022 жылдарға арналған инвестиция тартудың жол картасы» бағдарламасының пилоттық жобасы жасалды», - деп атап өтті Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Мейіржан Мырзалиевтің сөзіне сүйенсек, Қостанай облысы инвесторларға 16 туризм нысанын ұсынбақ. Осы ретте муниципалдық сервис, қала инфрақұрылымы, жол және логистика мәселелері басты назарға алынады. Қазірдің өзінде Науырзым қорығы мен «Сосновый бор» сауықтыру кешені туристер сұранысына ие. 

null null 

Туристік көрме барысында атақты «Увильды» шипажайы, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Ботай» тұрағы, астаналық «Әсел» турфирмасы өздерінің мүмкіндіктерін паш етті. Сондай-ақ, қостанайлық қолөнер шеберлері мен зергерлер меймандарға өздерінің жасаған бұйымдарын ұсынды.

«Маған ағаштан жасалған бұйымдар ұнады. Біздің елде бұл өнер дамымаған. Болашақта қостанайлық шеберлермен бірігіп, жоба жасағымыз келеді. Әсіресе, тұрмыста қолданылатын заттар өтімді болар еді», - деді польшалық кәсіпкер Матиаш Зелинский. 

Көрме аяқталған соң қатысушылар пленарлық отырысқа кірді. Мұнда 200 млрд теңге болатын 26 меморандумға қол қойылды. Ендеше, шет елдерден инвестиция тартуға қолайлы аймақ саналатын Қостанай облысы өзінің экономикалық әлеуетін тағы бір көрсетті.

null null 

Батыр Жолайұлы

Соңғы жаңалықтар