Биыл Қазақстандағы бидайдың нақты құны қыркүйекте белгілі болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейдегі астық бағасының төмендеу жағдайын бақылап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше ғана Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары басшылығының қатысуымен кеңес өтті. Бұл мәселені біз қарастырдық. Бүгін ресми түрде мәлімдей аламын, яғни Азық-түлік келісімшарт корпорациясы сатып алатын арпа көлеміне бағаны белгілеудеміз. Бүгіннен бастап екінші санаттағы арпа құны тоннасына 37 мың теңге болып белгіленді»,-деді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Ал бидай бағасы мен сатуға жоспарланған өнім көлеміне қатысты нақты мәлімет 1 қыркүйекке қарай белгілі болмақ.

«Ең бастысы, бидайдың сапасы күрт артады деп болжап отырмыз. Егер де былтыр үшінші санаттағы бидай 44 пайыз болса, биыл оның үлесі 63-65 пайызға жетті»,-деді ол.

Ресейлік БАҚ мәліметтеріне қарағанда, өткен аптаның қорытындысы бойынша РФ аумағында астық шығымдылығының жоғары болуына байланысты өнім бағасы төмендеген.

Соңғы жаңалықтар