Биыл Қазақстанда ЖІӨ өсімі 4 пайыз деңгейінде болжанып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қорытындысы бойынша  Жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 пайыз деңгейінде болжанып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ өсуін 4 пайыз деңгейде күтуге мүмкіндік беретін Қазақстан экономикасы тұрақты өсу қарқынын көрсетуде», - деп атап өтті Т. Сүлейменов.

Ведомство мәліметінше, 2017 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің өсімі 3,9 пайызды құрады.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2016 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге жылдамдап, 5,7 пайызға өсті. Жылдың басынан бері жылдық инфляцияның деңгейі бекітілген аралықта, яғни 6-8 пайыз дәлізінде болды және қарашаның қорытындысы бойынша 7,3 пайызды құрады.

Экономиканы әртараптандыру, Ауылөнеркәсіптік кешенді, кәсіпкерлікті және инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды іске асырудың нәтижесінде экономиканың барлық салаларында оң серпін байқалып отыр», - деп атап өтті министр.

Соңғы жаңалықтар