Биыл Қазақстанда 600 шақырым жол пайдалануға беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылғы 9 айының қорытындысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына 2017 жылы 484,2 млрд теңге бөлінген, оның 2017 жылғы 1 қазанға 313,7 млрд теңгесі немесе қаржыландырудың жылдық жоспарының 65% игерілді», - деді Сүлейменов. 

Белгілі болғандай, республикалық маңыздағы 22 негізгі автожол жобаларын жүзеге асыруға ағымдағы жылы 259,8 млрд теңге көзделген, оның ішінде қаржыландыру жоспары бойынша 2017 жылғы 1 қазанға 150,4 млрд теңге бөлініп, ол толық көлемде игерілді (қаржыландырудың жылдық жоспарының 57 пайызы). Сонымен қатар, қосымша халықаралық қаржы ұйымдарынан 96,4 млрд теңге қарыз тартылған, оның бұл күні 27 млрд теңгесі игерілді. Жалпы ағымдағы жылы 602 шақырым пайдалануға берілетін болады.

Бұдан бөлек, логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшін 2017 жылы 55 млрд теңге көзделген.

«Құрық портындағы паромдық кешен 2- фазасының құрылысына 50 млрд теңге көзделген, оның ішінде биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «ҚТЖ» АҚ 33,4 млрд теңге игерілді. Жұмыс құрылыс-монтаждау жұмыстарының жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Жылдың соңына дейін қаражат толық көлемде игерілетін болады»,-деп түсіндірді министр.

Оның сөзіне қарағанда,  Астана қаласы халықаралық әуежайының жолаушылар терминалының қосымша инфрақұрылымының құрылысына 2017 жылы ҰҚ қаражатынан 5 млрд теңге бөлінді.

«3,5 млрд теңге соммада төлемдер «Астана халықаралық әуежайы» АҚ шотына аударылып толық көлемде игерілді. Қалған 1,5 млрд теңге көлеміндегі қаражат ҚР Қаржы миннистрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің нұсқамасына сәйкес, мемлекеттік бюджетке қайтарылуы тиіс»,-деді Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар