Биыл елордада 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша елордада 17 263 жаңа жұмыс орындары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен қатар 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 7 357 адамды жұмысқа орналастырған.

«Жастар тәжірибесінен өтуге 661 түлек, қоғамдық жұмыстарға 2 137 және жаңа мамандықтар алу мақсатында 699 адам кәсіптік оқытуға жолданды. Сондай-ақ, 121 жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды», - делінген аталған орталық ақпаратында.

Айта кетерлігі, Астана қаласында жұмыссыздықпен күресудің белсенді іс-шараларын қолданудың арқасында жұмыссыздық деңгейі төмендеп, 4,6 пайызды құрады. Жалпы, елордада жұмыссыздық деңгейі төмен өңірлердің алдыңғы қатарында тұр.

Соңғы жаңалықтар