Биыл елімізде 70 мектеп пен балабақша пайдалануға беріледі - министр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл елімізде 70 мектеп пен балабақша пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының 2017 жылдың I жартыжылдығында іске асырылуының негізгі қорытындысын талқылау барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен 109 мектепті, оның ішінде 53 ауыспалы 56 жаңа білім ордасын салу үшін 71,7 млрд теңге көзделген. Жыл соңына дейін 70 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті бюджетке 30,4 млрд теңге аударылып, толық көлемде игерілді»,- деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 1150 орынға арналған 3 мектеп Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ 2 балабақша Маңғыстау облысы мен ШҚО пайдалануға берілген.

«Жалпы 70 нысанды пайдалануға беру жоспарынан тек 5 нысан ғана дайын. Бұл не бәрі 8 пайызды құрайды. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар барлық 70 нысанның құрылысын бақылауға алып, пайдалануға берілуін қамтамасыз етуі тиіс», - деді Тимур Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар