Биыл атыраулықтарға үй салу үшін 4851 жер телімі беріледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін Атырау облысында 2018 жылы 4851 жер учаскесі бөлінеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ағымдағы жылдың өткен жылмен салыстырғандағы ерекшелігі, тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері дайын тұрған инфрақұлымдарымен беріледі. Бұл жарық, газ, су және жол. Барлығы 4851 жер телімі беріледі деп жоспарланған. Өткен жылы атыраулықтар 2415 жер учаскесін алған»,-деді облыс әкімінің орынбасары Әлібек Наутиев.

Жер алу кезегінде тұрғандардың саны қазір облыс бойынша 100 мың адамнан асады. 

Соңғы жаңалықтар