Биыл Астанада бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін жағылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Астанада Жаңа жыл мерекесіне арналған бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін, 18 желтоқсан күні жағылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл бас шырша «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында орналасады. Шырша 18 желтоқсан күні жанады», деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жыл сайын шырша 1 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жанатын. Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, қала алдымен тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатыр.

Астана қалалық Мәдениет басқармасынан хабарлағандай, елордада Жаңа жыл мерекесіне орай барлығы 17 шырша орнатылып, төрт мұз қалашығы бой көтереді. Бір ғана Есіл ауданы мен Үркер, Қаламаңы тұрғын алқаптарында 10 жаңажылдық шырша орнату жоспарланған.

Биылғы жаңажылдық безендірудің басты нышаны - Тауық қана емес, еліміздің басты оқиғасы - ЭКСПО көрмесі де болады. Айта кетейік, Астанада ашық аспан астындағы ең үлкен мұз айдыны «Арай» саябағында салынуда. 250 адамға арналған мұз айдынының жалпы аумағы - 5 мың шаршы метр.

Соңғы жаңалықтар