Биыл Астана-Қарағанды тас жолы толығымен аяқталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы «Орталық-Оңтүстік» дәлізі бойындағы Астанадан Қарағандыға дейінгі автомобиль жолының барлық учаскесінде жол салу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысына толықтай ашылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған «Нұр жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 1291 шақырымды құрайтын Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы бағдары бойынша «Орталық-Оңтүстік» жобасы жүзеге асырылуда. 

«Ұзындығы 171 шақырымды құрайтын Астана-Теміртау учаскесінің қазіргі уақытта 105 шақырымы пайдалануға берілген. Бұған қоса, тас жол бойында қауіпсіздік пен үздіксіз қозғалыс қамтамасыз етілген. Қалған 66 шақырымда жолдың инженерлік орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Толықтай аяқтау 2017 жылдың 4  тоқсанында көзделген», - делінген компания ақпаратында.

Ағымдағы жылы Теміртау-Қарағанды учаскесінде 14 шақырымдық автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары басталған. Осы жылдың соңына қарай Астана-Қарағанды жолы көлік қозғалысына ашылады. Бірақ, жұмыстарды толықтай аяқтау 2018 жылға жоспарланып отыр. Мұнан бөлек, «Қарағанды қаласын солтүстік-шығыс айналма жолы» учаскесінде жұмыстар басталып, 47 шақырым автомобиль жолын 4 жолақты көлік қозғалысына, 1-б техникалық санатына сәйкестендіріп жаңғырту жоспарланған.

«Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол» компаниясының бөлімшелері ұзындығы 228 шақырымды құрайтын Бурылбайтал-Күрті автожолы учаскесін жаңғырту жұмыстарын бастады. Жоба халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен атап айтқанда 143 шақырымы Еуропалық қайта құру және даму банкі, 85 шақырымы Халықаралық қайта құру жәнен даму банкі есебінен жүзеге асырылады. Аталған учаскедегі жұмыстарды толық аяқтау 2020 жылға жоспарланған», - деп хабарлады компаниядан.

Соңғы жаңалықтар