Биыл «АрселорМиттал Теміртау» шахталарында қауіпсіздік жүйесінің жаңа тәсілі енгізілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «АрселорМиттал Теміртау» шахталарында қауіпсіздік жүйесінің жаңа тәсілі енгізілмек, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, «АрселорМиттал Теміртауда» жаңа қауіпсіздік жүйелері өндірістік жарақаттар мен қайғылы жағдайларды болдырмау үшін енгізіледі. Кеншілер камера, динамика, оттек және метан құрылғыларымен жабдықталады.

Екі құрылығы шамға, тағы екеуі аккумуляторға орнатылады. Сондай-ақ шамға бейнекамера мен динамик орнатылады. Осылайша, диспетчер жер астындағы жұмыстардың қалай жүріп жатқанын және метан деңгейін бақылай алады. Егер кеншілердің бірі 15 минуттан артық қозғалмаса, онда бірден дабылқаққыш құрылғы іске қосылады.

«Біз осы жүйені дайындаған Сібірдегі СУЭК компаниясы арнайы бардық. Биылғы жылы біз бұл жүйені шахталарымыздың бірінде, келесі жылы тағы екеуінде енгіземіз. Осылайша, 3-4 жылдан соң, менің ойымша барлық сегіз шахтада осы қауіпсіздік жүйесі жұмыс жасайтын болады»,-деп түсіндірді «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атқарушы директоры Вадим Басин.

Соңғы жаңалықтар