Биыл Алматы облысында 20 отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында тұңғыш рет «Балалар үйінсіз Жетісу» жобасы жүзеге асуда. Оның аясында 120 баланы патронаттық тәрбиеге беру жоспарланып отыр. Осы мақсатта алғашқы 20 отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда жетімдер үйіндегі тәрбиеленушілер саны күн санап азайып келеді. Балалардың жоқтығынан бірнеше мекеме жабылып қалды. Мәселен, 2015 жылы Есік қаласындағы және Жамбыл ауданы Қара-Қастек ауылындағы сәбилер үйі, Үштөбе балалар үйі жұмысын тоқтатты.

Биыл ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Алматы облысының прокуратурасы және әкімдігі тарапынан «Балалар үйінсіз Жетісу» жобасына қол қойылды. Аталған жобаның мақсаты жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасы тәрбиесіне беру.

Қазіргі таңда облыста 3 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Оның 83 % отбасылық тәрбиеге берілген.

Атап айтсақ, қорғаншылық пен қамқоршылықта - 2479 бала, патронаттық тәрбиеде - 63 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде - 35 бала тәрбиеленуде. Ал, қалған 536 бала білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйесінің интернаттық мекемелерінде тәрбиеленуде.

Соңғы жаңалықтар