Биыл Алматы облысы әкімінің білім гранты көбейеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Былтыр Алматы облысы әкімінің 100 білім гранты бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш екі есеге өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарованың айтуынша, тегін білім грантына облыстың кез-келген түлегі үміткер бола алады. 

«Егер түлек жинаған ҰБТ дегі балымен ЖОО-на түсе алмаса, біздің әкімінің грантына қатысуға мүмкіндігі бар. Арнайы комиссияға құжаттарын өткізеді. Біз  биыл ауылшаруашылық, техникалық және педагогикалық мамандықтарға басымдық беріп отырмыз. Және отбасылық жағдайы төмен түлектердің жағдайына қарап, олардың тегін білім алуына барынша қолдау көрсетеміз. Ал түлектер әкімнің гранты арқылы еліміздің  кез-келген ЖОО-на түсе алады», - деді М.Омарова.

Жалпы биыл Алматы облысы бойынша 16 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Оның 13 мыннан астамы қазірден ҰБТ-ге қатысуға ниет білдірген.

«Өткен жылы 8000-нан астам оқушы ЖОО түссе, соның 3800 түлегі грант иегері болған. Биыл сол межеден асамыз деген ойдамыз. Себебі облыс әкімі тарапынан өткен жылы 100 білім гранты бөлінсе, биыл  қосымша тағы 100 грант бөлу жоспарланған», - деді М.Омарова.

Соңғы жаңалықтар