Биыл Алакөлде 280 мың турист демалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алакөлде демалатын туристердің саны биыл 280 мыңға жетті. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында қазақстандық туристер қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова хабарлады.

«Биылғы демалушылар саны шамамен 280 мың болды. Бұл үлкен жетістік. Өткен жылы мұнда 200 мыңға жуық халық демалған еді», - деді Рашида Шайкенова.

 Ол шілде айында көл жағасында орналасқан қонақ үйлерге тапсырыс беру мүмкін болмағанын айтты. Одан бөлек, жыл басынан бері Қазақстанға визасыз келу құқығы бар 19 елден келетін туристердің саны өскенін хабарлады.

«Бізге Норвегия, Испания, Чехия, Швейцария, Сербия және Аргентинадан туристер келді - бұрын-соңды бұл мемлекеттерден бізге туристер келмеген», - деп толықтырды ол.

Сонымен бірге, Шайкенова жапониялық туристердің Маңғыстау және Алматы облыстарына ерекше қызығушылық танытқанын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар