Биыл Ақмола облысында ЖҚЖК-2020-ны жүзеге асыруға 5,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының аясындағы шараларды жүзеге асыру үшін Ақмола облысында 5 млрд 171 млн теңге қарастырылды. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы мәліметтерге сай жоспарланған қаражаттың 79,1%-ы игерілді.

«Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша (инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту негізіндегі жұмыспен қамту) 222 инфрақұрылым жобасын жүзеге асыру және шамамен 1 400 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Оның ішінде 766 азамат халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасатын болады. 1 қазандағы ақпаратқа сәйкес 1 116 адам, оның ішінде 612 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтамасыз етілді», - деп хабарлады ҚР ДСӘДМ-де.

ЖҚЖК-2020 бағдарламасының екінші бағыты бойынша (ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу) 256 облыс тұрғындары жалпы сомасы 598 млн теңгені құрайтын шағын несие алды. 12 адам жалпы сомасы 32,8 млн теңге көлемінде қайтарылған қаржы есебінен қайта шағын несие алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында (қоныс аудару мен жұмысқа орналасуға көмектесу және оқыту) жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1 286 адам қамтылып, оның ішінде 497 азамат жастар практикасына, 182 адам кәсіби білім алуға жіберілді, ал 607 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, ЖҚЖК-2020 бағдарламасын іске асыруға 2016 жылы 128,4 млрд теңге бөлінген болатын.

Соңғы жаңалықтар