Биыл Ақмола облысында 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру бағытында Жол картасы шеңберінде әкімдіктер мен ірі кәсіпорындар арасында меморандум жасалды. Осының нәтижесінде 2018 жылы облыста 20 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанованың айтуынша, бүгінгі таңда Ақмола облысы әкімдігі Жол картасы шеңберінде «Ижевский» ӨК, «Қазақалтын»ТМК» АҚ, «Асыл Арман» ЖШС, «Степногорск» ЕПК» АҚ, «Көкшетау Энерго» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «Родина» агрофирмасы»ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС, «Степногор ЖЭО» ЖШС, «Altyntau Kokshetau» АҚ, «RG Gоld» ЖШС, Қазақалтын»ТМК» АҚ «Ақсу кеніші» филиалы, Қазақалтын»ТМК» АҚ «Бестөбе кеніші» филиалы, «Қазақалтын»ТМК» АҚ «Жолымбет кеніші» филиалымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі әзірлеген бірыңғай үлгі бойынша барлығы 14 келісімшарт жасасты.

Аталған келісімшарт бойынша бұл кәсіпорындар қолда бар жұмысшылардың санын сақтап қалуға міндеттемелер алды. Сонымен қатар, адамдарды нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы, өңірлік бағдарламар арқылы жұмыспен қамту көзделген.

Биылғы жылы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар арқылы 20 588 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарда бар. Қазіргі кезде, 4 319 мың адам жұмыспен қамтылды, бұл жылдық жоспардың 21 пайызы.

Қажет болған жағдайда жұмысшы мамандықтарға қайта оқытылады. Оқу ақысының 30 пайызы компания есебінен жүргізіледі. Жүргізілген мониторингке сәйкес жоғарыда айтылған кәсіпорындарда жұмысшылардың санын қысқарту және қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарланып отырған жоқ.

«Қазіргі кезде Жол картасы шеңберінде «Ақмола электр желісін тарату» АҚ, Қамқор локомотив» ЖШС филилы Атбасар электровоз жөндеу зауыты, «Қазақжолқұрылысы» ЖШС Щучье филиалы, «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалы «Жолаушылар тасымалы»- «Ақмола бөлімшесі МК», «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы «Ақмола магистралды желі бөлімшесі», «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы «Ірілендірілген Атбасар жол дистанциясы», «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы «Ірілендірілген Көкшетау жол дистанциясы» сияқты кәсіпорындармен 7 келісімшарт жасау жоспарда бар» - деп түсіндірді Д.Ахметжанова.

Соңғы жаңалықтар