Биыл Ақмола облысында 115,5 шақырым жолды жөндеу жоспарланған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысында 115,5 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Бұл туралы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланған облыс активінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру туралы тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда бұл міндеттерді жүзеге асыру жолында Ақмола облысында да бірқатар шаралар қарастырылған.

Активте баяндама жасаған аймақ басшысы Мəлік Мырзалин Жолдаудың төртінші бағыты бойынша облыста көліктік логистика және логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесіне ерекше тоқталып өтті.

«Бізге көліктік логистика және логистикалық инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру қажет. Аталмыш бағытта Щучинск-Бурабай курорттық аймағы және Астана маңындағы елді мекендерді, облыстың көліктік-логистикалық жүйесін дамытуға қатысты преспективаларымызды қарастыруымыз қажет.

Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде облыста «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс» бағыттары бойынша құрылыс-монтаждау, «Щучинск-Зеренді» жолын қалпына келтіру, «Астана-Петропавл» автожолының учаскесін жөндеу бойынша жұмыстар жалғасады. 

2017 жылы құны 9,6  миллиард теңгеге ұзындығы 220 шақырымнан астам жергілікті мақсаттағы автожолдарға күрделі, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2018  жылы бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады (6,5 миллиард теңгеге 115,5 шақырым жолды жөндеу жоспарланған)», - деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар