Биыл 52 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады - Дүйсенова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 52 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта республика бойынша жалпы құны 88 млрд теңгенің 98 денсаулық сақтау кешені салынып жатыр. Оның 53-і республикалық бюджеттен, 45-і жергілікті бюджеттен қаржыландыруда.

«Биыл 76 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Оның ішінде бүгінгі күні 24 нысан, яғни 1 аурухана, 3 емхана және 20 дәрігерлік-амбулаториялық фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталып, пйдалануға берілді», - деді ол.

Сондай-ақ министр жылдың соңына дейін тағы да 52 нысан аяқталуы тиіс екендігін айтты.

«Олардың  ішінде 3 аурухана, 5 емхана және 44 дәрігерлік-амбулаториялық фельдшерлік-акушерлік пункт бар», - деді Т.Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар