Биыл 3 облыстағы 300 мың тұрғыны бар аудандарға радио жеткізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының 300 мың тұрғыны бар шекаралық аудандарына радио желісін жеткізу жоспарланып отыр. 

Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Стратегиялық маңызды мәселелердің бірі - цифрлық эфирлік теле-радио хабарларын тарату. Бүгінгі таңда халықтың 82 пайызы қамтылған. Биыл Маңғыстау мен Жамбыл облыстарына цифрлық эфирлік теле-радио хабарларын тарату жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз», - дейді министр.

Оның айтуынша, цифрлық телевизиялық станция құрылысының жоспарлы түрде орындалуын қадағалау осыған жауапты вице-министр мен «Зерде» холдингіне тапсырылады.

«Мемлекеттік радиохабарларын таратуда тиісті жұмыстарды қажет етеді. «Қазақ радиосын» 2 млн адам тыңдай алмай отыр. Ал «Шалқар радиосының» үні 5 млн тұрғынға жетпейді», - дейді ол.

Министр аталған мәселе әсіресе еліміздің шекаралық аймақтарына қатысты екенін атап өтті.

«Биыл Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 300 мың тұрғыны бар шекаралық аудандарда орналасқан 12 елді мекенге радио желісін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Болашақта бұл жұмыстың ауқымы кеңейе түседі», - деді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар