BitFury Group Нұрсұлтан Назарбаевқа блокчейннің басты артықшылығын ашып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін цифрландыру мәселелері бойынша республикалық кеңесте BitFury Group-тың негізін қалаушыларының бірі Валерий Вавилов блокчейннің басты артықшылығы жайында айтып берді. Кеңеске ҚР Президент Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде біз интернет арқылы кез келген хабарламаны, видеоны әлемнің түкпір-түкпіріне жібере аламыз. Алайда ең бағалызаттар - біздің активтеріміз әлі күнге дейін қағаз жүзінде жүр. Жылжитын да, жылжымайтын мүлік те, компаниялардың акциялары да - бір жапырақ қағаз ғана. Біз өзіміз де бір жапырақ қағаз - төлқұжатпен жүрміз», - дейді Вавилов.

Оның айтуынша, бас кезінде интернетте қауіпсіз транзакциялар ескерілген жоқ. Сол себепті көп нәрсе қағаз жүзінде қалды. «Ал «блокчейн» мен «криптовалюта» сияқты технологиялар әу баста қауіпсіз транзакциялар үшін жасалды. Соның арқасында қағаз жүзінде жүрген біздің бағалы заттарымызды цифрлық жүйеге аударуға болады. Блокчейннің басты артықшылығы сол, ақпарат түскеннен кейін оны жоюға да, өзгертуге болмайды. Осылайша, мәліметтер манипуляциясына жол берілмейді», - деп атап көрсетті Вавилов.

Соңғы жаңалықтар