Бішкектегі Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 17 медаль алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек қаласында аяқталған грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 2018 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы 17 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Атап айтқанда, қазақстандық спортшылар 4 алтын, 2 күміс және 11 қола медаль еншіледі. Оның ішінде 2 «алтын», 1 «күміс» пен 4 «қоланы» грек-римшілер иеленді. Сондай-ақ 2 алтын, 1 күміс пен 4 қола медальды еркін күресшілер алып келді, ал әйелдер командасына 3 «қола» бұйырды.

Өз салмақ санаттарында чемпион атанғандар - Алмат Кебіспаев, Асхат Ділмұхамедов, Дәулет Ниязбеков және Нұрислам Санаевтар.

Қырғызстанда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты 27 ақпан - 4 наурыз күндері аралығында өтті. 

Соңғы жаңалықтар