Бішкектегі алапат өрт: Жеті бірдей дәмхана отқа оранды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкектің оңтүстік-шығысындағы Асанбай шағынауданында тұтанған алапат өрт  жеті дәмхананы жалмады, деп хабарлайды Кабар Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 қазан күні 10:17-де «Бигмар» ЖАҚ ғимаратында өрт тұтанады. Лапылдаған жалын  көрші ғимараттарды да шарпып, 3,1 мың шаршы метр ауданды қамтыды. «Корчма», «Марио», «Бұхара», «Асанбай», «Ганбей», «Барк Лайс» және «Кайзер» дәмханалары өртенді.

Өртті ауыздықтауға 11 өрт бөлімшесі жұмылдырылды. 13:31-де бет қайтқан жалын 17:53-те ғана толық сөндірілді. Мамандар апат себептерін анықтауда.

ТЖМ-дегілер апаттан зардап шеккен 13 тұрғынға медициналық көмек көрсетілгенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар