17:35, 26 Сәуір 2018 | GMT +6
Бішкекте Орталық Азия елдерінің туристік форумы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте Орталық Азия елдері өкілдерінің қатысуымен «Қырғызстанды танып көр: трендтер, мүмкіндіктер мен инновациялар» атты туристік форум өтеді, деп хабарлайды «Кабар».
«USAID агенттігі 27-28 сәуір күндері екі күндік туристік форум өткізеді»,-деп жазылған хабарламада.
Форумға Орталық Азия елдерінің туризм ұйымдарынан 200-ден астам өкілдер келмек.
Жиында қырғыз көшпенді мәдениеті мен асханасы, қолөнері мен 2 мың шақырымға созылған таудағы 50 жаңа туризм бағыттары көрсетіледі.