Бішкекте мейрамханада уланғандар саны 150 адамға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкектегі мейрамханада жаппай уланғандар саны 150 адамға жетті, деп хабарлайды Кабар Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде Қызғызстан Республикалық жұқпалы аурулар ауруханасына «Ала-Тоо» мейрамханасындағы тойдан кейін тамақтан уланған 139 адам түскен. Оның ішінде 89 адам, соның ішінде 19 бала ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, ведомствоның дерегі бойынша Шолпан-Ата қаласы Ыстықкөл облысы Ыстықкөл аудандық ауруханасына сол тойда уланған 12 адам түскен. 1 сәуір күні 10 адам ауруханаға жеткізіліп, амбулаторлық көмек көрсетілген.

«Қазіргі таңда ауруханада 10 адам жатыр. Олардың барлығының басы ауырып, айналып, жүрегі айнып жатыр. Кейбірінің температурасы көтеріліп, диарея байқалуда», - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінен.

«Ала-Тоо» мейрамханасындағы тамақтардан сынама алынған. Зерттеу нәтижесі үш күнде дайын болады. 

Соңғы жаңалықтар