Бішкекте көлік нөмірі 25 мың долларға сатылды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкекте «777 AAA» автомобиль нөмірі 1 млн. 716 мың сомға сатылды.

Бұл шамамен 25 мың АҚШ доллар көлемінде, деп хабарланды Қырғыз Республикасы  Мемлекеттік тіркеу қызметінің сайтында.

«Бастапқы баға 60 000 сомды құрады. Аукционға қатысуға 33 өтінім түсті, 10 пайыз көлеміндегі кепілді жарнаны төлеген олардың 9-ы ғана сатылымға қатысты. Аукцион 15.00-де басталып, 4 сағатқа жалғасты», - делінген хабарламада.

Бұған дейін ең жоғары баға «001 ААА» нөмірі үшін ұсынылған болатын. Ол 594 мың сом немесе 8,5 мың АҚШ долларына сатылды.

Еске салсақ, Қырғызстанда қымбат нөмірлердің саудасы өткен аптада басталды. Алғашқы күні 143 нөмір сатылды. Олардың бағасы 2,7 мыңнан 5 мың сом аралығында болды. 

Соңғы жаңалықтар