Бішкекте инспекторды қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте МІІД жол инспекторын қағып кеткен «Лексус ЛX-470» жүргізушісі уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды 24.kg .

Оқиға 17 желтоқсанда сағат 13.30-да Бішкек қаласындағы көшелердің бірінде болған.

«Инспектор көліктің терезесін толықтай қараңғылап алған көлікті тоқтатпақшы болған. Алайда, шетелдік көліктің жүргізушісі кіші сержантты әдейі қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 1998 жылғы Бішкек тұрғыны ұсталған. Оның көлігі тұраққа қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп хабарлады басқармада.
null 

Факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Инспектор ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда қажетті сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар