Бішкекте ауа сапасын анықтайтын апарат орнатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бішкек қаласының аудандарына ауа сапасын анықтайтын апарат орнатылады. Бұл туралы Экология және жол қауіпсіздігі бойынша конференцияда «Move Green» өкілі Салават Бақтыбекқызы хабарлады.

«Біздің жоба аясында Бішкек қаласының әр жеріне орнатылатын апарат сатып аламыз  және   сайт ашамыз. Сайтта онлайн режімде әр азамат Бішкек қаласындағы аудандар бойынша зиянды заттардың шоғырын көре алады», - деп хабарлады ол.

Оның айтуынша, ауа сапасын Бішкекте 1998 жылы гидрометорталығы тексерген. Одан кейін қаржының жоқтығынан жұмыс жүргізілмеді.

«Ауада денсаулыққа қауіпті формальдегидтер,   азот диоксиді және  азот  оксиді бар, соңғы уақытта олардың ауадағы мөлшері күрт артып кетті», - деді белсенді азамат.

Бұдан басқа, Сорос қорының қолдауымен «Move Green» белсенділері  сауалнама жүргізіп, android-қа мобильдік қосымша орнатты. Ол арқылы Бішкек тұрғындары қаланың әр өңіріндегі ауа жағдайы туралы деректер ала алады.

 «Көптеген сұраққа жауап берушілер басқа елдердің, атап айтқанда Оңтүстік Корея мен Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйенеді. Бұл елдерде ауа жағдайына тексеру жүргізіледі. Бізде «Бішкек экологиясы» деген мобильдік қосымша бар. Сол жерден зиянды заттар шоғырын көруге болады. Бірақ бұл нақты дерек емес, себебі арнайы жабдықпен өлшенген жоқ», - деді ол.

Салават Бақтыбек қызы жабдықты орнатуға ауа сапасына байланысты туындаған аурулардың көбеюі себеп болғанын айтты.  

Соңғы жаңалықтар