Бішкекте Алтай өркениетін зерделеу институты құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шолпан атада өтіп жатқан «Алтай өркениеті және алтай тілдік отбасының туыс халықтары» атты халықаралық форумның декларациясы қабылданды, деп хабарлайды knews.kg .

«Түрлі елдерден қатысушылар бұл идеяны қолдап,  бірауызды шешімге келді. Себебі бұл осы  елдер  ғалымдарының өзара жұмыс істеуі үшін бұрын-соңды болмаған бірегей алаң», деді президент кеңесшісі Мира Қарыбаева.

Декларация жобасы қазір хатшылықта жатыр, оның негізгі идеялары:  Бішкекте алтай өркениетін зерделеу институтын құру; Ыстықкөл жағалауында ашылған «Көшпенділер өркениеті орталығын» қолдау; форумның халықаралық қадағалау кеңесін құру; ғылыми зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу; басылым түрінде де шығарылатын, интернетте де қолжетімді болатын Алтай зерттеулері туралы журнал шығару.

Форум тұрақты жұмыс істейтін алаң болатыны атап өтіледі, келесі кездесу 2018 жылғы тамыз-қыркүйекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтеді.

Соңғы жаңалықтар