Бішкек ЖЭО-сындағы апат: Жалал-абад қаласының мэрі ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкектің жылу-электр орталығындағы апатқа байланысты «Электр стансалары» ААҚ бұрынғы бас директоры мен оның орынбасары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 17 сәуірінде Бішкек қаласында ЖЭО-дағы апат фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында күдікті ретінде «Электр стансалары» ААҚ бұрынғы бас директоры, қазіргі Жалал-Абад қаласының мэрі С.Авазов пен «Электр стансалары» ААҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Ж.Назаров ұсталды», - делінген Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда ұсталғандар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, қаңтар айының соңына қарай Бішкектің жылу орталығы істен шыққан еді. Қаладағы жылу желісі қатып қалмауы үшін ЖЭО-ға қосымша жылу агрегаты қосылған. «Бішкекжылужүйесі» мекемесінің абоненттері бірнеше күннен кейін ғана қалыпты температураға оралды. 

Фото: yugopolis.ru

Соңғы жаңалықтар