«Біржан-Сара» операсының сахнасында сарқырама құлайтын тау тұрғызылды

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсы үшін «Астана Опера» театрының сахнасына шынайы сарқырама құлайтын тау тұрғызылды. Бұл туралы ақпаратты суретші-график және фотограф Карла Нұр Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Енді операның барлық құпиясын жариялай беруге болады. Театр сахнасына шынайы сарқырама құлайтын тау тұрғызылды! Шеберлерге мың алғыс! 20 сәуірде Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсының жаңартылған нұсқасы сахналанды», - деп жазады Карла Нұр.

Операның қоюшы-дирижері - Абзал Мұхитдинов, қоюшы-режиссері - Асхат Маемиров, режиссер-консультанты - Михаил Панджавидзе, қоюшы-суретшілер - Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов, музыкалық редакторы - Тасқын Жармұхамет, бас хормейстер - Ержан Дәуітов, қоюшы балетмейстерлер - Тұрсынбек Нұрғалиев, Айгүл Тати, проекция бойынша дизайнер - Серджио Металли, жарық бойынша суретші - Якопо Пантани, көркемдік-өндірістік кешен жетекшісі  - Виктор Караре, ассистенттер - Еренбақ Тойкенов, Елік Нұрсұлтан, Маттия Металли, Ербол Бисенов. Орындаушы топ: Біржан - Мейір Байнеш, Сара - Майра Мұхамедқызы, Жанбота - Жанат Шыбықбаев, Аналық - Дина Хамзина, Алтынай - Салтанат Ахметова, Жиенқұл - Ержан Саипов, Қожағұл - Евгений Чайников, Серік - Рамзат Балакишиев, Естай - Жұмабек Қаңтарбаев.

Театрдың баспасөз қызметі хабарлағандай, ұзаққа созылған дайындық уақытында костюмдер жасалды, күрделі тондық ультразаманауи декорациялар жасалды, бұл тәсілдер спектакльді еуразия кеңістігіндегі шынайы ерекшелікке айналдырды. Көркемдік-өндірістік топ қазақ кейіпкерлерін қабылдаудың стереотиптерін бұзып, көрермендерге мүлдем жаңаша опера ұсынды.

Алғашқы жәрмеңке сахнасы көрерменді бірден баурап әкетті. 3D технологияларды пайдаланудың арқасында табиғат пен өмір көріністері сахнада тірі қалпында көрсетілгендей әсер тудырды. Айтуға тұрарлық дүниелер қатарына  керемет костюмдер мен итальяндық шебері Серхио Металлидің видеопроекцияларын қояға болады. Ал ең бастысы - тамаша музыка, солистердің әдемі дауысы және оркестрдің үйлесімді дыбысы.

- «Біржан-Сара» операсы қазақ операсының жауһар туындысы болып саналады. Жаңа техникалық мүмкіндіктердің арқасында М.Төлебаевтың керемет музыкалық шығармасының арқасында бұл туынды әлемдік опера өнерінің контекстінде бағалануы мүмкін», - дейді Асхат Маемиров.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, 20-30 шілдеде Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы Астананың 20 жылдығына арналған халықаралық опера фестивалі аясында Open Air форматында ашық аспан астында өтпек. 

Соңғы жаңалықтар