«Біржан-Сара» операсы жаңа музыкалық-сахналық редакцияда қойылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 және 21 сәуірде «Астана Опера» театрының Үлкен залында көрермен назарына Қажым Жұмалиевтің либреттосына жазылған М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық өнеріміздің жауһары болып саналатын операның жаңа музыкалық-сахналық редакциясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Астананың жиырма жылдығын мерекелеу аясында көрсетілетін болады.

Операда атақты әнші әрі композитор Біржан мен дарынды ақын Сараның арасындағы сүйіспеншілік, өнерпаздың бостандық үшін, бақытты іздеу жолындағы күресі анық көрініс табады. М. Төлебаевтың операсында суреткердің зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы мәңгі күресі туралы идея алға қойылып, өнердің асқақтығы жырланады. 
null 

«Бұл шын мәнінде ауқымды қойылым болмақ. Театрда үздіксіз дайындық жүріп жатыр. Әртістер өз партияларын жаттап алған. Енді оларды тыңдау байқауындағы жауапты сәт күтуде. Ал біз болсақ декорациялар мен костюмдер бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Спектакльдің бірегейлігі оның көрінісінде, ауқымды декорациялары мен заманауи арнайы әсер беру мүмкіндіктерінде жатыр», - дейді қоюшы-суретші мен сценограф С. Тасмағамбетова мен П. Драгунов 
null null null 

Қоюшы-режиссер - PhD докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Маеміров және режиссердің кеңесшісі - Беларусь Үлкен театрының бас режиссері Михаил Панджавидзе. 

null 

Соңғы жаңалықтар