Біртанов қант диабетіне шалдыққандарға арналған мобильдік қосымша жасауды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жыл соңына дейін қант диабетіне қатысты ақпарат ұсынатын мобильдік қосымша жасауды тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Министр келтірген ресми дереккке сүйенсек, Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандардың саны 300 мыңнан асады.

«Қазір «мобильдік медицина» деген де ұғым пайда болды. Демек, мобильдік қосымшалар арқылы адам өз денсаулығы туралы мән-жайды біліп отыра алады. Біз де бұл өзгерістен қалыс қалмақ емеспіз. Бүгінгі күні менің тапсырмам негізінде көп кездесетін негізгі аурулар бойынша мобильдік қосымшалар жасалып жатыр. Қант диабеті бойынша бірнеше шешімдер бар. Жылдың соңына дейін халыққа нақты осы қосымшаны ұсынуымыз керек», - деді министр Астанада өткен «Қант диабеті және қоғам» атты дөңгелек үстелде.

Елжан Біртановтың сөзіне сүйенсек, Қазақстанда қазіргі таңда 50 мыңға жуық ана «Менің жүктілігім» қосымшасын пайдаланады екен.

«Біз бюджеттен ешқандай ақша шығарған жоқпыз. Бүгінгі жиында барлық қант диабеті сырқаты бойынша пациенттерге арнап мобильдік қосымша жасау мәселесін талқылауды ұсынамын. Мобильдік қосымша адамдар үшін диспансерлеу деңгейін көтеріп, пациенттерге мониторинг жасап, медикаменттерді уақытылы қабылдап, диета және дене белсенділігінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді», - дейді министр.

Соңғы жаңалықтар