Біртанов Ақтөбедегі медицина саласының жұмысын өзге өңірлерге үлгі етті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетіне биыл 60 жыл. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ақтөбеліктерді құттықтап, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында атқарылып жатқан істі үлгі етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі медициналық университет 60 жыл ішінде 25 мыңнан астам маманды даярлады. Академик Жақсылық Досқалиев сала министрі болды. Ұлттық нейрохирургия орталығының директоры Серік Ақшолақов та осы білім ордасын тәмамдады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ақтөбеліктерді онлайн режимде құттықтап, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында атқарылып жатқан істерге оң баға берді. 

«Университет құрылғаннан бастап осы жылдарға дейін 25 мыңнан астам маман дайындады. Университет түлектерінің арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлық лауреаттары, Ұлттық ғылыми академиясы мен медициналық ғылыми академиясының 20-дан астам академигі және корреспонденті шықты. 300-ден астам ғылым докторы, профессор, 1 мыңнан астам ғылым кандидаты бар. Сонымен қатар, 15 PhD доктор бар Бұл өңірде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында бірнеше медициналық мекеме салынып жатыр. Бұл басқа өңірлер үшін үлгі боларлық іс»,- деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

null 

Ақтөбе елімізде алғаш рет медициналық университет базасында кластер құрды. Өңірде азға алмастыру операциясы жасалып, күрделі ауруларға ем көрсетілді. Адамдардың өмір сүру ұзақтығы 72,8 жетті. 

«Өткен жылы Үкіметтің шешімімен университет базасында Қазақстанда бірінші рет медициналық кластер құрды. Мақсат - өз маманымызды, мекемелерді пайдаланып, батыс өңіріне, көрші ел азаматтарына қызмет көрсету. Бір жылдық қорытынды жасалды, нәтижесі жақсы. Таяуда өңірде «Туған жер» републикалық форумы өтіп, жүрек, бауыр, бүйрек, буынға 29 операция жасалды. Әрбір саланың сапасы, дамуы, нәтижесі, болашағы мамандарына байланысты. Денсаулық сақтау саласы жұмысының нәтижелі болуы мамандарды дайындап жатқан медициналық жоғары оқу орнының еңбегі деп білемін. Білім ордасы өз мемлекетімізге, көрші мемлекеттерге мамандар дайындауға үлес қосып жүр. Қазақстанда екі Еңбек ері бар, оның бірі осы университеттің түлегі. Бәрі еңбекпен болады. Бұл оқу орнында Төрегелді Шарманов, Жақсылық Досқалиев ректор болды. Жақсы басшының жұмысы жақсы маман дайындауға септігін тигізеді», - деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.

Кейін Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласының дамуына және заманауи медициналық технологияны енгізуге қосқан үлесі үшін алғыс хат және медалімен оқытушылар Намаз Ізімбергенов, Балаш Түсіпқалиев, Қайырғали Ахметов, Қуанғали Әбдірахмановқа берілді.

null  

Ақтөбеде өткен «Медицина білімі мен ғылымындағы интеграция, серіктестік және инновация» атты халықаралық конференцияға академик Төрегелді Шарманов қатысып, бірнеше ғылыми еңбектерін, кітабы мен бие сүтінен жасалған шоколадты тарту етті.

Айта кетейік, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлектетік медициналық университетте 800 оқытушы, 5 мың студент бар. Мұнда бірнеше оқу ғимараты, лаборатория, емхана мен жатақхана бар. Университет ректоры Ербол Бекмұхамбетов Ақтөбе облысының облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа, академиктер Төрегелді Шарманов, Жақсылық Досқалиевке, Марат Оспановтың жұбайы Бақыт Оспановаға бағалы металдан жасалған «Құрмет» орденін берді. Халықаралық конференция аясында Ресей, Израиль, Қырғызстан, Украина, Литва хирургтері 50-ден астам ота жасайды. 

null null 

Соңғы жаңалықтар