Бірнеше жыл ішінде балалар өлімі екі есеге азайды - Риза Боранбаева

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылады. Жиында Жолдаудың негізгі он басымдығы сараланып, ой-пікірлер ортаға салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынды ашқан Педиатрия орталығының директоры Риза Боранбаева Елбасы Жолдауындағы басты қадамдарға жан-жақты тоқталып өтіп, онда көрсетілген әр реформа мен денсаулық саласына қатысты орталық алдында қойылған міндеттерді атап өтті.

«Елбасы биылғы Жолдауында  да денсаулық саласына басты назар аударды. Әсіресе, жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға ерекше назар аудару қажет екендігін және халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетінін, медициналық көмектің деңгейін көтеру, сонымен қатар, саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту қажеттігін баса айтты. Бұл ретте Педиатрия орталығында  мақсатты жұмыстар жүргізіліп келеді. Соңғы жылдары балалардағы онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа бағдарламасын енгізудің арқасында күрделі ауруға шалдыққан балалардың өміршеңдігін жақсартуға қол жетуде. Бірнеше жыл ішінде балалар өлімі екі есеге азайды. Біздің ғана орталықта жасалынатын және басқа еш жерде жүргізілмейтін, бірегей диагностикалық зерттеу әдістерін жүргізетін жақсы клиникалық-диагностикалық зертханамыз бар. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар Елбасы тапсырмасына сәйкес жалғасын табатын болады», - деді Р.Боранбаева.

null 

Орталық директорының  пікірінше, Жолдауда адам капиталын дамытуға баса назар аударылып отырғандығы өте маңызды.

«Адам капиталын дамытатын ресурстар болмаса, жаңғырту, жаңару, елді дамыту туралы айтудың қажеті аз. Бұл басты ресурстар - денсаулық сақтау және білім беру салаларында ғана емес, барлық салаларда да көбірек назар аударылғаны жөн. Дамыған елдердің өзінде, білімнің ең құнды және сенімді капитал екендігі дәлелденген. Адам капиталы теориясын басшылыққа ала отырып, өз мемлекетерінің дамуында үлкен, ірі табыстарға жеткен елдер көп», - дейді Р.Боранбаева.

Оның айтуынша. Педиатрия орталығы қазіргі уақытта денсаулық саласын цифрландыру мен  қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша медициналық ақпараттық жүйені енгізуде.  Бұл жаңа технологиялар жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

null 

«Әрбір саланы елеп-екшеп, артық-ерекшелігін, кем-кетігін назарында ұстап, әрдайым соны ұсыныстар мен тың идеяларды ортаға салып, халықтың жұмыла жұмыс істеуіне негіз болып отырған биылғы Жолдауда елдің алдағы дамуы тағы бір мәрте айқындалды. Әр реформаны жүзеге асырудың әр қадамы қадау-қадау айтылған болса, ендігі кезекте әрбір қадамнан нәтиже шығарудың ашық та айқын жолы тізбектелді. Ендігі мақсат - осы даму тетігін жоғалтпай, басты нысанаға ілгерілеуді, кемелдікке жетуді ғана алып, сол жолда аянбай еңбек ету, бірлесе қимылға көшу, еліміздің гүлденуі үшін атсалысу, өз үлесіңді қосу әрбір қазақстандықтың парызы болуы керек. Сонда ғана оң нәтиже шығары сөзсіз», - деп сөзін түйіндеді орталық басшысы.

Соңғы жаңалықтар