Бірнеше мәрте пара алған қызылордалық шенеунік ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық қорғаныс істер департаментінің бастығы бірнеше мәрте пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облыстық департаменті облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оған 600 мың теңгеден астам сомада бірнеше мәрте пара алды деген күдік келтірілуде», - делінген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, күдікті 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында бағынышты қызметкерлерінен кезекті әскери атақ бергені, тәртіптік жауапкершіліктен босатқаны және қызмет барысында жалпы қамқорлық көрсеткені үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 150 мың теңгеге дейін ақша алып отырғандығы анықталған.

«Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында департамент бастығы ұсталып, Қызылорда қалалық ІІБ уақытша оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп атап өткен агенттіктен.

Соңғы жаңалықтар